ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы шетінен күн сәулесі тарап тұрған көгілдір түс
аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесінен тұрады. Шаңырақтың
оң жағы мен сол жағында аңыздағы қанатты тұлпарлар бейнеленген.
Жоғарғы бөлігінде бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «QAZAQSTAN» деген жазу бар.
Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздағы тұлпарлардың бейнесі, сондай-ақ «QAZAQSTAN» жазуы
— алтын түсті.