Студенттерге қызмет көрсету орталығы — бұл қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін, білім сапасын арттыратын және академиялық адалдық принциптерін ілгерілететін колледждің сервистік орталығы.
Колледжде «бір терезе» қағидаты бойынша студенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, ол арқылы студенттер электрондық кілттерді ашып, түрлі анықтамалар ала алады.