Лого АСТК AQTK
Описание изображения 2

Бүгін колледжде «Үздік жас педагог – 2025 байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – дарынды жас педагогтарды анықтау және қолдау, олардың кәсіби дамуын ынталандыру, сондай-ақ озық педагогикалық тәжірибені тарату. Байқауға 7 жас педагог қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрды: 1. Визит карточкасы «Менің мамандығым – педагог»; 2. Инновациялық технологиялар мен цифрлық ресурстарды қолданатын сабақтың үзіндісі; 3. «Менің педагогикалық лайфхактарым» атты шығармашылық ұсыныстар. Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды: Бас жүлде– Карасаева Акмарал Ақарысқызы, физика пәнінің оқытушысы; І орын– Төлеген Ақниет Абзалқызы, психолог; ІІ орын– Тоқсанбайқызы Дана, арнайы пәндер оқытушысы; ІІ орын– Ақмырзаева Диана Кендебайқызы; ІІІ орын– Жоламанов Улан Андрейұлы; Алғыс хат– Ұлықпанова Әлия Қонырбайқызы және Қойшығұлова Меруерт Азаматқызы. Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби жолдарыңызға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Описание изображения 2

Құрметті колледж ұжымы, студенттер, ата-аналар және әлеуметтік серіктестер! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!🕊️ Бұл айтулы мереке – барша қазақстандықтар үшін татулық пен тұрақтылықтың, келісім мен өзара құрметтің нышаны. Қазақстан Республикасы – көпұлтты, көпмәдениетті мемлекет. Әр ұлттың дәстүрі мен тілі, өмір салты мен дүниетанымы – біздің ортақ байлығымыз. Ел ішіндегі бейбіт өмір мен ұлттар арасындағы сыйластық – тәуелсіздігіміздің берік негізі. Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжі – сан түрлі көзқарас пен мәдениеттер тоғысқан, өзара түсіністікке негізделген ұжым. Біздің басты мақсатымыз – жас ұрпақты елін сүйетін, бірлік пен татулықты бағалай білетін, болашағына сеніммен қадам басатын азамат етіп тәрбиелеу. Осы жарқын мереке баршаңызға рухани күш, серпін мен шабыт әкелсін! Әр күніңіз бейбіт әрі берекелі болсын! Бірлігіміз нығайып, еліміз гүлдене берсін! Құрметпен, Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің директоры Г.У.Есенгалиева

Описание изображения 2

Құрметті ата-аналар! Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – әрқайсымыздың басты міндетіміз. Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы сіз өз балаңызды түрлі қауіп-қатерлерден қорғауға көмектесе аласыз.
🌙 1. Түнгі уақытта балалардың жүріс-тұрысын бақылау - Балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде жүруіне рұқсат етілмейді. Орын алған жағдайда Заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады Бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. - Балаңыздың қайда және кіммен жүргенін үнемі қадағалап отырыңыз.
🔥 2. Өрт қауіпсіздігі - Балаларды сіріңке, оттық, электр құралдарын өз бетінше пайдалануға үйретпеңіз. - Үйде өрт сөндіргіш құралдардың барына және олардың дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізіңіз. - Газ, электр пештерін қолдану ережелерін балаға түсіндіріңіз. - Отпен ойын – қайғылы оқиғаға апарады!
🌊 3. Судағы қауіпсіздік - Балаларға өзен, көл, тоған сияқты ашық су қоймаларында ата-анасыз шомылуға тыйым салынады. - Суға түсуге арналған рұқсат етілген, қауіпсіз жерлерді ғана таңдаңыз. - Қайық, үрлемелі шеңбер, матрас сияқты құралдарды тек ересектердің қадағалауымен пайдалану керек. - Балаңызға суда өзін қалай ұстау керектігін алдын ала үйретіңіз.
🚶‍♂️🚗 4. Жол қозғалысы қауіпсіздігі - Балалардың жолда, қоғамдық көлікте өте мұқият болуын үйретіңіз. - Балаларға жолдан тек жаяу жүргінші өткелімен және бағдаршамға қарап өту керектігін түсіндіріңіз. - Қараңғы уақытта жарқырауық элементтері бар киім немесе рюкзак кигізу ұсынылады. - Велосипед, самокат айдағанда қорғаныс шлемі мен құралдарын пайдалану маңызды.
5. Баланың ақпараттық қауіпсіздігі Балаңыздың интернетте немен айналысатынын біліп отырыңыз; Жеке ақпаратты жарияламауды үйретіңіз; Онлайн достар — шынайы достар емес екенін түсіндіріңіз; Кибербуллинг (онлайн қорлау) туралы әңгімелесіңіз

Описание изображения 2

ЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ - БОЛАШАҚҚА БІРГЕ!
2025 жылғы сәуір айының соңында Атырау қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен келген жұмысшы жастар бас қосқан ауқымды форум өтті.
Үш күнге созылған форум жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, жастардың азаматтық белсенділігін күшейту және тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Қатысушылар Атырау қаласының тарихи-мәдени нысандарын аралап, өңірмен танысты. Форумның салтанатты ашылуында • Атырау облысының әкімі - Серік Шәпкенов, • ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары - Біржан Әлімжанов құттықтау сөз сөйледі. Сенат депутаты - Геннадий Шиповских, мәжіліс депутаты - Дәулет Мұқаев, «Талап» АҚ президенті - Санжар Тәтібеков, Enbek.kz өкілі - Айгерім Мырзалы, «Теңізшевройл» мен NCOC компанияларының басшылары бірқатар өзекті тақырыптарға тоқтала өтті.
TEDx форматындағы шабыттандырушы кездесулер өтті. Елге еңбегімен танылған спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, практикалық тренингтер өтіп, Сарайшық мұражайына саяхат және Жұмысшы жастар аллеясының ашылуы өтті.
Жастар форумына 200 жуық жас қатысып, түрлі бағыттағы жобаларын ұсынды. Форум аясында ұйымдастырылған «Ең үздік жоба» байқауында 6 жоба үздік деп танылды.
Ақтөбелік жас Роберт Мифтахетдинов өзінің «Мастера своего будущего» жобасымен көзге түсіп, байқаудың бас жүлдесін жеңіп алып, 500 000 тг сертификатпен марапатталды.

Описание изображения 2

«Ауыл аманаты» жобасының нәтижесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін бірқатар көрсеткіштерге қол жеткізілді. Құс етімен қамтамасыз ету 5,6 пайызға, көкөніспен қамтамасыз ету 5,4 пайызға, картоппен қамтамасыз ету 4 пайызға артты. Сонымен қатар, облыс халқының орташа табысы 11 пайызға жоғарылады. Жоба аясында 1 621 жаңа кәсіп тіркеліп, 1 463 тұрақты жұмысы жоқ адам несие алды. Әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарды қолдау мақсатында 41 атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы жобамен қамтылды. Сонымен қатар жоба аясында тауарлық несиелеу тетігі енгізілді. Оның негізгі мақсаты – кепілге қоятын мүлкі жоқ, несиелік міндеттемелері көп, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау. Бүгінде өңірде 209 шаруашылықтың көмегімен 339 отбасыға 4 804 бас мал берілді. Оның ішінде 1 120 бас сиыр, 720 төл, 3 484 бас қой, 3 484 төл, 194 бас жылқы, 92 төл және 6 бас түйе бар. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында осы жоба аясында «тауарлық несие» беру мәселесін қарастыру қажеттігін атап өтті. Бұл бастама ауыл тұрғындарының мал шаруашылығымен айналысып, өз кәсібін дамытуына мүмкіндік береді.

Описание изображения 2

Кредиты под 2,5%: как программа «Ауыл аманаты» помогает сельчанам повышать достаток Сельское хозяйство является одной из приоритетных отраслей в экономике страны. В сельской местности проживает 38% жителей Казахстана, это почти 7,6 млн. человек. Повышение доходов и создание новых рабочих мест являются приоритетными задачами государственной политики. В этой связи программа «Ауыл аманаты», запущенная в 2023 году по поручению Президента открывает возможности для многих людей начать, развивать свой бизнес, внести вклад в развитие своего региона. «Ауыл аманаты» – это уникальный проект, который входит в национальный проект «Сильные регионы – драйвер развития страны». Программа «Ауыл аманаты» направлена на поддержку жителей сельской местности и малых городов через предоставление льготных кредитов для развития предпринимательства, особенно в сферах животноводства и сельского хозяйства. Кредиты предоставляются под 2,5% годовых на срок до 5 лет, а для проектов в сфере животноводства — до 7 лет. Максимальная сумма займа составляет до 2,5 тыс. МРП, а для развития сельскохозяйственных кооперативов — до 8 тыс. МРП. В 2025 году на выдачу новых микрокредитов и создание 8,1 тыс. рабочих мест предусмотрено 50 млрд тенге. Планируется внедрение информационной системы микрокредитования, которая обеспечит прозрачность процедур, унификацию обработки заявок и детализированный мониторинг данных. Система будет интегрирована с государственными базами данных, что повысит эффективность работы программы и ускорит процесс подачи заявок и получения кредитов.

Описание изображения 2

2,5% несиелер: «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы басым салалардың бірі болып табылады. Ауылдық жерлерде Қазақстан тұрғындарының 38%-ы тұрады, бұл шамамен 7,6 млн. адамды құрайды. Кірістерді арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру мемлекеттік саясаттың басым міндеттері болып табылады. Осыған байланысты, Президенттің тапсырмасы бойынша 2023 жылы іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы көптеген адамдар үшін өз бизнесін бастауға, оны дамытуға, өз өңірінің дамуына үлес қосуға мүмкіндіктер ашуда. «Ауыл аманаты» – «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына кіретін бірегей жоба. «Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту үшін, әсіресе мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы салаларында жеңілдікті кредиттер беру арқылы ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарын қолдауға бағытталған. Несиелер жылдық 2,5%-бен 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін-8 мың АЕК-ке дейін құрайды. 2025 жылы жаңа шағын несие беруге және 8,1 мың жұмыс орнын құруға 50 млрд теңге қарастырылған. Рәсімдердің ашықтығын, өтінімдерді өңдеуді біріздендіруді және деректердің егжей-тегжейлі мониторингін қамтамасыз ететін микрокредиттеудің ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Жүйе мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланатын болады, бұл бағдарлама жұмысының тиімділігін арттырады және өтінім беру мен кредит алу үдерісін жеделдетеді.

Описание изображения 2

Ақтөбе облысында балабақша кезегінде тұрғандар қатары 30%-ға азайды. Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің еліміз әлеуметтік мемлекет болып табылатынын тағы да атап өтті. Бұл әлеуметтік көрсеткіштердің өсуі бойынша мемлекеттің нақты шараларынан көрініс тауып отыр. Соңғы алты жылда елімізде 1 367 балабақша ашылып, кезекте тұрғандардың саны 5 есеге қысқарды. Ақтөбе облысында соңғы 6 жылда 15 379 орындық 175 мектепке дейінгі ұйым іске қосылды. Жаңа мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы сапалы мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті кеңейтуге ықпал етті. Сондай-ақ, балабақша кезегінде тұрған 0-6 жас аралығындағы балалардың қатары 30%-ға азайды. Сонымен қатар 2019 жылдан бері облыста 40 мектеп салынып, 17 мыңға жуық оқушы орны ашылды. Ауылдық жерлердегі 282 мектеп жаңғыртылды. Бұл 4 апатты жағдайдағы және 18 үш ауысымдық мектептің мәселесін, сондай-ақ 15 мектептегі орын тапшылығын шешуге мүмкіндік берді. Жылдың аяғына дейін тағы 20 мектепті іске қосу жоспарлануда.

Описание изображения 2

Елімізде соңғы алты жыл ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,8 есеге өсті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев IV Ұлттық құрылтайда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін алдағы бес жылда екі есе көбейтіп, осы саладағы еңбек өнімділігін үш есе арттыруды міндеттеген болатын. Аталмыш тапсырмаларды орындау мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі шаралар кешенін іске асыруда. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға кейінгі 6 жылда 2,5 триллион теңге бөлінді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,8 есеге дейін артқан. Ал азық-түлік өндірісінің көлемі 2,1 есе ұлғайды Былтыр дән егіп терлеген диқандар рекордтық өнім алды. Саланы дамытуға мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар. Соның арқасында экономиканың осы бағыты жақсы көрсеткіштерге ие болып отыр. Ақтөбе облысында да саланы дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Соңғы 6 жылда бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 31,4% - ға өсті. Еңбек өнімділігі 29,4% – ға артты. Агроөнеркәсіптік кешенде инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жол картасы әзірленді, жоспарға сәйкес 2025-2027 жылдары жалпы көлемі 63,1 млрд. теңге болатын 50 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Описание изображения 2

ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ – ҰЛТ МҰРАСЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ ⚜️18 наурыз күні Ақтөбе облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Ұлттық киім күні кең көлемде атап өтілді. Бұл ерекше мереке халқымыздың ұлттық мұрасын жаңғыртып, дәстүрлі киім мәдениетінің құндылығын дәріптеуге бағытталды. 🎭Мерекеге орай, Т.Ахтанов атындағы драма театрында көрермен назарына «Ғұмырнама» атты театрландырылған музыкалық қойылым ұсынылды. Қойылымды Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі және көпсалалы «Тарлан» колледжінің білім алушылары сахналады. Қоюшы режиссерлер – Мейірбек Шәкенов пен Сержан Баймұратов. ⚜️«Ғұмырнама» қойылымы қазақ халқының әр кезеңдегі ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін би, музыка және көркем бейнелер арқылы көрсетіп, көрермендерді халқымыздың тарихи дәуірлеріне саяхат жасатты. Бұл қойылым қазақ халқының өмір салты мен мәдениетінің терең мәнін ашып, ұлттық мұраны ұлықтауға арналды. ⚜️Мерекенің басты мақсаты – ұлттық киімнің тек өткеннің жәдігері емес, ұлттың рухани құндылығы екенін көрсету, қазақы киім үлгілерінің әр кезеңдегі ерекшеліктерін насихаттау және оны бүгінгі ұрпаққа жеткізу болды. Көрермендер қойылымнан ерекше әсер алып, ұлттық мәдениетіміздің байлығына тағы бір рет көз жеткізді. Іс-шараға келген қала тұрғындары мен қонақтары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай рухани маңызы зор шаралардың жалғасын табуына тілек білдірді.

Описание изображения 2

Президенттің «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасының арқасында, бала сүйе алмаған отбасыларда 9 мыңнан астам сәби дүниеге келді Мемлекет басшысы ұлтымыздың жаңа келбетін қалыптастыруда отбасы институты шешуші рөл атқаратынына үнемі назар аударып келеді. Осы орайда, “Аңсаған сәби” бағдарламасы елдегі көптеген отбасылар үшін үлкен мүмкіндікке айналды. Елімізде бұл бағдарлама енгізілген 2021 жылдан бері бала сүйе алмаған отбасыларда 9 мыңнан астам сәби дүниеге келді. Ақтөбе облысында “Аңсаған сәби” арқылы (2021-2024 ж.ж.) 1264 отбасы квота алды. Бағдарламаның нәтижелілігі жоғары болып, 41% жағдайда жүктілік сәтті басталды. Бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында 362 ана дүниеге сәби әкелді, олардың ішінде 24 егіз және 1 үшем өмірге келген. Жалпы, 387 бала дүниеге келді. Бұл тек статистика ғана емес, әрбір көрсеткіштің артында жылдар бойы бала сүйе алмаған жанұялардың үміті мен бақыты жатыр. Бүгінде “Аңсаған сәби” бағдарламасы аясында 69 жұп болашақ сәбиін күтіп жүр. Сонымен қатар, 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығына Ақтөбе облысына 170 квота бөлініп, оның 70-ін кезекте тұрған отбасылар иеленді.

Описание изображения 7

Бүгін Батыс Қазақстан Инновациялық-технологиялық университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, ол келесі бағыттарды қамтиды: 1. Студенттер, оқытушылар және қызметкерлер арасында академиялық алмасуды ұйымдастыру (оқыту, тағылымдама, кәсіби тәжірибе, кадрларды даярлау/қайта даярлау, біліктілікті арттыру). 2. Оқытушылардың және студенттердің бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізу. 3. Бірлескен конференциялар, семинарлар, көрмелер және басқа іс-шараларды ұйымдастыру. 4. Оқу сабақтарын өткізу және тәжірибе алмасу үшін тараптардың өкілдерін шақыру. 5. Білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, силлабустарды үйлестіру. 6. Оқу әдебиеті мен кітапхана қорын уақытша пайдалану және айырбастау. 7. Колледж түлектерін университетке түсу үшін кәсіптік бағдарлау және даярлау. 8. Колледж түлектерінің оқу мерзімін 2 жылға қысқарту мақсатында білім беру бағдарламаларын үйлестіру («Бағдарламалық қамтамасыз ету» және «Құрылыс» мамандықтары). 9. Колледж түлектерін университетке 1-курсқа қабылдап, оқу мерзімін 2 жылға дейін қысқарту.